Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған мұндай насихат қажет емес": Тоқаев өз суреті бар билбордтар туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында өткен кездесуде көшеге өз суреті бар билбордтарды ілген шенеуніктерді сынады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Ол мұндай насихатты қажет етпейтінін мәлімдеді.

"Маған Ақтауға менің суретім бар 14 билборд қойғанын хабарлады. Менің ойымша, бұл мүлдем орынсыз, маған мұндай насихат қажет емес. Мұндай әкімшілік реттіліктің не керегі бар?" , - деді Тоқаев.

Президент билбордтарды Елбасы бастаған мемлекетіміздің шынайы жетістіктерін көрсетуге арнау керектігін атап өтті.

"Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге нұсқауым", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788511-magan-mndaj-nasihat-kazet-emes-tokaev-z-sureti-bar-bilbordtar-turaly-ajtty/

pixel