RU

Өзбекстанға ат басын бұрған Тоқаевтың видеосы жарияланды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың Facebook ресми парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ташкентке келген видеосы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Кадрда қазақстандық президент ұшағының жерге қонғаны, оны гүл шоқтарымен қарсы алғаны бейнеленген. Видеодан өзбек көшелерінің бойымен зымыраған үлкен кортежді де көруге болады.

"Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевтың шақыртуымен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуір күні елімізге мемлекеттік сапармен келді", - деп жазылған видео астында.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуір күні Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788832-tokaevty-taskentke-kelgendegi-videosy-mirzieevty-resmi-paraksasynda-zarialandy/