Тоқаев Нотр-Дам-де-Пари шіркеуіндегі өртке байланысты көңіл айтты
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі Париж Құдай анасы шіркеуін жалмаған Франция астанасындағы өртке қатысты көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент Twitter желісінде жаңа жазба жариялаған.
"Француздық және әлемдік мәдениеттің бірегей ескерткіші Париж Құдай анасы шіркеуіндегі жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Францияда Париж Құдай анасы шіркеуі 15 сәуірде өртке оранған болатын.
Оқиғаға байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон пікір білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1789232-kasym-zomart-tokaev/