Назарбаев президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Опубликовано:

Nur Otan партиясының XIX съезінде Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлауға партия атынан түсетін үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz: UGC

Тұңғыш президент қазіргі мемлекет басшысының кандидатурасын қолдауға шақырған.

"Тоқаев әр іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері, халықаралық аренада беделі бар тұлға. Сондықтан оның кандидатурасын алдағы сайлауда бірауыздан қолдауға шақырамын", - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1790515-tokaev-kazakstan-prezident-sajlauyna-mitker-atandy/