Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин Түркістандағы құрылысты түнде барып тексеретін болды (фото)

Опубликовано:

Бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин облыс орталығының даму жоспарына сәйкес жүріп жатқан нысан құрылыстарының жұмысымен танысу үшін Түркістан облысына іссапармен келді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Асқар Мамин қаланы дамыту бағытында жүріп жатқан нысандар жұмысымен танысып, бассейні бар спорт сарайының құрылысы басына барды.

Сондай-ақ, аталған жобаны салып жатқан компания басшысына жұмысты тездету керектігін тапсырды.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Түркістан қаласын дамытуға бағытталған жобалар уақытында пайдалануға берілуі тиіс. Сондықтан құрылыс жұмысын тәулік бойы жүргізуге тура келеді.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Түркістанға жасайтын келесі сапарымда арнайы түнгі уақытта келетін боламын", - деген Үкімет басшысы құрылыстың үздіксіз жүргізіліп отырғанын бақылауға алатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791201-mamin-trkistandagy-krylys-tnde-baryp-tekseretin-boldy-foto/

pixel