Назарбаевты өз көзімен көргісі келген көпшілік Бейжіңдегі басты алаңға жиналған (фото)

Опубликовано:

Бейжіңнің басты алаңында орналасқан Халық жиналыс үйінің алдында қалың көпшілік Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өз көздерімен көру үшін тағатсыздана күткен. Си Цзиньпинмен кездесуден кейін, Елбасы сол ғимараттан шығу керек болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Көпшілік Қазақстанның тұңғыш президентін көздерімен көріп, суретке түсу үшін күткен.

Назарбаевтың жақын арада ғимараттан шығатынын келушілер есік алдында тұрған "Қызыл ту" маркалы элиталық көліктердің құралған кортежден аңғарыпты.

Қытай тарапы мұндай көліктерді аса маңызды қонақтарға ұсынады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Елбасы Си Цзиньпинмен бірге түскі ас ішіп болған соң өте жақсы көңіл күймен ғимараттан шығып, езу тартып, тіпті қытай тарапының өкілдерімен әзілдескен.

Онымен бірге кортежге Жеңіс Қасымбек, Әсет Исекешев, Ахметжан Есімов және Бейбіт Атамқұлов отырған.

Қытайдағы үш күндік жұмыс сапарын аяқтаған қазақстандық делегация елге қарай ұшу үшін Бейжіңнің әуежайына аттанған.

Назарбаевтың кортежі үшін Қытай билігі Бейжіңдегі көшелердің бірін жапқан.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791481-nazarbaevty-z-kzimen-krgisi-kelgen-halyk-bejzidegi-basty-alaga-zinalgan-foto/