Назарбаев пен Тоқаев Ассамблея сессиясына бірге келді (фото)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы басталды. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанның тұңғыш президенті мен қазіргі президент Бейбітшілік және келісім залына бірге кірді.
Тоқаев пен Назарбаев қолдарын қысып, сахнадағы үстелге, өз орындарына жайғасты.
Ассамблея сессиясы Қазақстан әнұранын тыңдаумен басталды. Жиын "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік пен жаңғыру" тақырыбы аясында өрбиді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791603-nazarbaev-pen-tokaev-assamblea-sessiasyna-birge-keldi-foto/