RU

Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында.

Фото: mygorod.kz
Фото: mygorod.kz: Depositphotos

Жұмыс сапары барысында президент Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды деп күтілуде.

Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбалта-2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1792045-tokaev-zmys-saparymen-taldykorgan-kalasyna-keldi/