Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәмшидинова ең бірінші кімдердің жалақысы көтерілетінін айтты

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Нұр-Сұлтан әкімдігінде көпбалалы аналармен кездесу барысында білім саласындағы жұмысшылардың ішінде кімдердің жалақысы көтерілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Жалақы қосалқы қызметкерлерге – балабақша тәрбиешілерінің көмекшілері, үй-жайларды тазалаушылар, аула сыпырушылар мен күзетшілерге көтеріледі.
Келесі негізгі қызметкерлер-колледж оқытушылары, мұғалімдер, психологтар, мектептердің әлеуметтік педагогтары, балабақша тәрбиешілері. Әрине, басқарушы персонал да осы құрамда бар", - деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, бюджеттік саладағы жалақысы төмен жұмысшылардың айлығын көтеруге бөлінген қаражаттың 70 пайызы білім саласына жұмсалады.

Сонымен қатар, алдағы екі жылда білім беру сапасын арттыру мақсатында 200 мыңнан астам мұғалім, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары біліктілікті арттырудан өтетін болады.

Биылғы жылы алғашқы рет мектеп психологтары мен сынып жетекшілері біліктілікті арттырудан өтеді. Өйткені психологтардың көмегі балалар мен олардың ата-аналарына да, мұғалімдерге де қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1792612-smsidinova-e-birinsi-kimderdi-zalakysy-kteriletinin-ajtty/

pixel