Дональд Трамп Назарбаевқа хат жолдады (фото)
Опубликовано:
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ көшбасшысы Дональд Трамптан хат алды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дональд Трамп Елбасыға 1 мамыр күні хат жолдаған.
Онда АҚШ президенті Назарбаевты мемлекет үшін маңызы бар тарихи сәтпен құттықтаған.
"30 жыл бойы президент қызметін атқарған соң Сіз табысты мұра қалдырып жатырсыз", - делінген хатта.
Трамп Елбасының өткен жылы Ақ үйге баруы АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестікті нығайтуға маңызды қадам болғанын атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен дәл осындай жақын қарым-қатынас орнатуға да сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1793612-donald-tramp-nazarbaevka-hat-zoldady-foto/