Тоқаев: Қызылорда халқының тұрақты табысы әлі де төмен
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу барысында жергілікті халықтың тұрақты табысы әлі де төмен екенін мәлімдеді. Президенттің сөзі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында жариялан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Республикалық деңгеймен салыстырғанда Қызылорда халқының тұрақты табысы әлі де төмен. Мәселені бір күнде немесе бір айда шешу мүмкін емес.
Мен мұны түсінемін. Бірақ, жағдайды өзгерту керек. Аймақтағы азаматтардың жалақысын өсіру- үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті ", - дейді мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, бүгін, 14 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1793803-zagdajdy-zgertu-kerek-tokaev-kyzylorda-halkyny-tabysy-li-de-tmen-ekenin-ajtty/