Назарбев: Менің бар қызметім сол – қазіргі президентке қолдау көрсету
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда XII Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қашан да қолдау көрсететіндігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін мен алдарыңызда алғаш рет президент лауазымында сөйлеп тұрған жоқпын. Ел мен халық мүддесі үшін мен күрделі, бірақ маңызды шешім қабылдадым. Осылайша мен биыл өзімнің президенттік өкілеттігімді тапсырдым.
Елімізде алғаш рет билік транзиті жүзеге асырылып отыр. Маған күні бүгінге дейін хабарласып, тілектестік білдіріп жатқан әріптестеріме, әлемнің түрлі саясаткерлеріне зор алғысымды білдіремін", - деді Елбасы.
Назарбаев өз кезегінде қазіргі президентке барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді.
"Менің бар қызметім сол – қазіргі президентке қолдау көрсету, басталған жұмысты одан ары жалғастыру", - деді Елбасы.
Айта кетейік, биылғы Астана экономикалық форумына 5 мыңнан астам сарапшы, саясаткерлер мен бизнесмендер қатысуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1794243-nazarbev-meni-bar-kyzmetim-sol---kazirgi-prezidentke-koldau-krsetu/