Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Опубликовано:
Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады деп хабарлайды ресейлік көшбасшының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Телефонмен әңгімелесу барысында Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.
Ауызша алдағы іс-шаралар, cоның ішінде мамырдың соңында Нұр-Сұлтанда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысы туралы талқылады", - делінген сайта.
Еске сала кетсек, бүгін, 17 мамыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 66 жасқа толды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1794522-putin-tokaevty-tugan-knimen-kttyktady/