Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан атынан кім барғаны белгілі болды
Опубликовано:
Парламент сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2019 жылдың 20 мамырында парламент сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсіміне қатысты.
Салтанатты шарадан соң Бекназаров Зеленскиймен кездесіп, Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан және бүкіл Қазақстан халқының атынан Украина президентін өз міндетіне ресми кірісуімен құттықтап, Украина халқының бақытына қызмет етуге тілектестік білдірді.
Кездесу барысында Қазақстан - Украина қарым-қатынасын кеңінен дамыту мәселелері де талқыланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1795067-zelenskijdi-lyktau-rsimine-kazakstan-atynan-kim-bargany-belgili-boldy/