RU

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президент ретіндегі ұстанымын жеткізді. Мемлекет басшысы жердің шетелдіктерге сатылмайтынын кесіп айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: Depositphotos

Мемлекет басшысы жердің шетел азаматтарына сатылмайтынын Қостанай облысындағы іс-сапары кезінде айтқан.

“Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым!” Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен болған кездесуде осылай мәлімдеді" , - деп жазды Берік Уәли парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1795203-tokaev-zer-seteldikterge-satylmajdy/