Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның cыртқы істер министрімен кездесті

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуды қабылдады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Ақорда
фото: Ақорда: UGC

Кездесу барысында мемлекет басшысы қазақ-түрік қатынастарының достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Тарихи тамыры терең қатынастарымыз өте жақсы. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынасты нығайтуға өзінің зор үлесін қосты.

Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан нарығында көптеген түрік компаниялары табысты еңбек етуде.

Халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерге, атап айтқанда көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты пікірлеріміз ортақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
фото: Ақорда
фото: Ақорда: UGC

Чавушоглу Қазақстан президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің конструктивті сипатын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1795858-kasym-zomart-tokaev-trkiany-cyrtky-ister-ministrimen-kezdesti/

pixel