Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қимастықпен кетіп барамын": Байбектің орынбасары өз орнын босатты

Опубликовано:

Алматы әкімінің орынбасары Әсел Жүнісова өз еркімен қызметінен кетті. Қала әкімі Бауыржан Байбек маслихат жиналысы кезінде оған сәттілік пен жетістіктер тіледі. Дегенмен Жүнісова әкім кеңесшісі болып қала береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімінің орынбасары Әсел Жүнісова қызметінен кетті
Әсел Жүнісова. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Бауыржан Байбек Әсел Жүнісованың Алматы қаласы даму орталығының директоры болып қала беретінін және әкімдік кеңесші ретінде одан көмек сұрайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол қала басшысының кеңесшісі болып қала бермек.

Байбектің сөзінше, әкімнің бұрынғы орынбасары "Құрмет" орденімен марапатталған, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Токио университетін бітірген. Алматы әкімімен "Нұр Отан" партиясында жұмыс істеген.

"Бұл шешімді құрметтеймін. Оңай шешім емес", - деді қала басшысы.
"Жұмыстан қимастықпен кетіп бара жатырмын. Бұл өз қалауым болды. Отбасылық жағдайға байланысты кетіп барамын. Аутизмге шалдыққан балам бар. Өмірімді осы әлеуметтік жобаға арнағым келеді. Құрылымдық жұмыс үшін рақмет, көп жұмыс атқарылды", - деді Жүнісова.

Бауыржан Байбек бұрынғы орынбасарының болашақта мемлекеттік қызметке оралатынына үміт білдірді.

Әкімнің орынбасары қызметіне Ілияс Үсеров тағайындалды. Ол бұрын Стратегия және бюджет басқармасына басшылық еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1796123-kimastykpen-ketip-baramyn-bajbekti-orynbasary-z-ornyn-bosatty/

pixel