Азаматтығын қайтарып алған Саакашвилиді украиндар құшақ жая қарсы алды (фото, видео)
Опубликовано:
Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Украинаға оралды. Жергілікті халық саясаткерді жылы қарсы алған деп хабарлайды Укринформ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Танымал саясаткерді күтіп алу үшін Борисполь әуежайына 200 адам жиылған. Көпшілік Саакашвилиді жылы қабылдап, оған асқан қошемет көрсеткен.

Әуежайға саясаткердің Украинаға оралғанын көріп қана қоймай, оны халыққа хабарлау үшін 20-дан астам журналист келген.
Әуежай маңындағы тұрақта "Руху нових сил" партиясының туы ілінген бірнеше көлік болды. ("Жаңа күш қозғалысы" - Саакашвилидің партиясы).

Туларды Саакашвилиді әуежайда күткен жақтастары да ұстап тұрған. Олар саясаткердің көпшілік алдына шыққан сәтінде Украинаның әнұранын орындай бастады.

Еске сала кетейік, таяуда ғана Украина президенті болып тағайындалған Владимир Зеленский Михаил Саакашвилиге Украина азаматтығын қайтарып берді.
Жаңа президент өзіне дейін болған Петр Порошенконың жарлығын өзгерткен.
Бұл жаңалықтардан соң, Саакашвили өзінің Киевке қайта оралатынын мәлімдеді.








Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1796787-azamattygyn-kajtaryp-algan-saakasvilidi-ukraindar-ksak-zaa-karsy-aldy-foto-video/