"Жалақы болмайды": "Құрметті сенатор" атағы Назарбаевқа не бермек?
Опубликовано:
Депутат Әли Бектаев Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" атағы қандай артықшылық беретіні жөнінде пікір білдірді. Бұл мәселеге қатысты ойымен ол сенаттың жалпы отырысынан кейін бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, бұл қоғамдық-құрметті атақ Елбасының қазақстандық мемлекеттік пен паралментаризмнің қалыптасуына тарихи үлес қосқаны үшін берілген.
"Меніңше бұл сенаттың рөлі мен сенат депутаттарының жауапкершілігін жоғарлатпақ" , - деді ол.
Әли Бектаевтың айтуынша, Елбасы палатаның пленарлы отырыстарына қатысып, өз ұсыныстарын білдіруге құқылы болмақ.
"Бірінші президент - Елбасы қалауынша үнемі палатаның отырыстарына, қандай да бір шешімдердің қабылдануына тікелей қатысып, өз ұсыныстарын білдіре алады. Бұл өзара пайдалы болмақ" , - деді сенатор.
"Жалақы болмайды, бұл қоғамдық бастамалар негізінде" , - деп қайырды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" атағы берілгенін хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1796867-zalaky-bolmajdy-krmetti-senator-atagy-nazarbaevka-ne-bermek/