Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретіндегі басты міндетін атады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығы өкілдерімен кездесуінде Қазақстан президенті ретіндегі басты міндетін атады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Тоқаевтың айтуынша, президент ретіндегі басты міндеті – биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады.

"Мемлекеттік биліктегі біздің қағидамыз: Күшті, құзіретті Президент – Сильный, полномочный Президент. Ықпалды, қабілетті Парламент – Влиятельный, дееспособный Парламент. Есеп беретін, кәсіби Үкімет – Подоотчётное, профессиональное Правительство", - деді ол.

Мемлекет басшысы халқымызды мазалайтын стратегиялық мәселелер қоғам пікірін ескере отырып, қажет жағдайларда референдум арқылы шешімін табуы керектігін атап өтті.

"Міне, осы міндеттерді орындау үшін жұмыс істейміз! Маңызды істерге елдің әрбір тұрғыны белсене атсалысады деп сенемін", - деді Тоқаев.

Ол бүгін Жамбыл облысына қатысты негізгі мәселелер көтерілгенін алға тартты.

"Облыс әкімі осы міндеттерге баса мән беріп, нақты шаралар қабылдау үшін Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек." - деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1797447-tokaev-prezident-retindegi-basty-mindetin-atady/

pixel