Мемлекет басшысы "Тоқаев біздің президент емес" ұранына пікір білдірді

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Операдағы" учаскеде дауыс бергеннен кейін БАҚ сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы "Тоқаев біздің президент емес" ұранына қатысты пікір білдірді
Фото: Алена Бутенко/NUR.KZ.: Original

Президент саяси мәдениет сақталып, үміткерлер бір-біріне қатысты айыптаулар тақпағанын атап өтті.

Тілшілердің бірі Тоқаевқа мынандай сауал жолдады:

"Халықтың наразы екенін білесіз бе? "Тоқаев біздің президент емес" деген ұранға қатысты не дейсіз?"

"Әлбетте, білемін. Халық арасында не болып жатқанын білемін. Бұл халықтың таңдауы. Кейбір азаматтар осы ұранды қолдаса - бұл олардың таңдауы. Басқа ештеңе істей алмайсың", - деде мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798563-memleket-bassysy-tokaev-bizdi-prezident-emes-ranyna-pikir-bildirdi/