Президент сайлауы: Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды
Опубликовано:
Қазақстанда кезектен тыс перзидент сайлауында дауыс беру аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, ел тұрғындары болашақ президентті таңдау үшін 9 маусымда таңғы 7-ден бастап дауыс берді.
Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасты.
Елордада, Алматы мен Шымкентте, Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарында, сондай-ақ ШҚО мен СҚО-да сайлау учаскелері жабылды.

Басқа аймақтарда-БҚО, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында дауыс беру жергілікті батысқазақстандық уақыт бойынша сағат 20:00-де, тиісінше Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21:00-де аяқталады.
Енді Орталық сайлау комиссиясы кандиттарға берілген дауыстарды санауға кіріседі.
Алдын-ала нәтиже 10 маусым күні түн ортасында белгілі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798669-prezident-sajlauy-kazakstanda-dauys-beru-aaktaldy/