Бас прокуратура сайлау кезінде қандай заң бұзушылықтарға жол берілгенін мәлімдеді
Опубликовано:
Елордада сағат 20:00-ге дейінгі уақытта орын алған сайлау кезіндегі заң бұзушылықтарды жариялауға қатысты арнайы брифинг өткізді. Онда Бас Прокуратура өкілдері қай өңірде қандай заң бұзушылықтар орын алғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жалпы сайлау процесі бірқалыпты өтті. Азаматтардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ. Сайлау заңнамасын бұзудың 19 фактісі анықталды.
Олардың ішінде азаматтардың қолдарына бірнеше бюллетень беру 11 факт, жәшікке екі-үш бюллетень салу және бірнеше учаскеде дауыс беру екі факт, бірнеше бюллетеньді тіркеу бойынша 12 іс, екі немесе одан көп рет басқа сайлаушы үшін дауыс беру фактілері бойынша 6 әкімшілік іс қозғалды.
Барлық жағдайлар қазір сотта. Заң бұзушылықтарға жол берген комиссия мүшелері жұмыстарынан шеттетілді. Мысалы Қызылорда облысында 251 сайлау учаскесінде бір сайлаушыға 5 бюллететень беру жағдайы тіркелді. Әкімшілік іс 110 баппен қозғалды. Ол бойынша 25 АЕК айыппұл салынды", - деді Бас Прокуратура өкілі.
Сол сияқты елордада да бір сайлаушыға екі-үш бюллетень берудің екі фактісі тіркелгендігін атап өтті.
"Оларға қатысты 102 баппен істер қозғалды", - деп түсіндірді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798674-bas-prokuratura-sajlau-kezinde-kandaj-za-bzusylyktarga-zol-berilgenin-mlimdedi/