АҚШ-та Қазақстан президентіне дауыс беру басталды
Опубликовано:
АҚШ-та сайлау учаскелері ашылды. Бұл елде жүрген қазақстандықтар президенттікке үміткерлерге дауыс бере алады деп хабарлайды "Хабар" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларында сайлау учаскелері ашылды. Қазақстандықтар президент сайлауында дауыс беру үшін ұзақ жол жүрулеріне тура келеді.
Олардың арасында Геннадий Головкиннің жанкүйерлері де баршылық.
Отандасымыз Эдуард Ким АҚШ-қа GGG жекпе-жегін көруге барған.
"Ол бұлтартпас жеңіске қол жеткізді. Бәрінің көңіл-күйі тамаша. Арнайы сайлау учаскеме барып, Нью-Йоркте сайлауға қатысатыным туралы қағаз алып, мұнда бірінші болып келдім", - деді ер адам.
Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы аяқталды. Еxit poll-дың алдын ала қорытындысы бойынша президенттікке таластың жеңімпазы Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Оған 70% аса сайлаушылар дауыс берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798713-aks-ta-kazakstan-prezidentin-sajlau-bastaldy/