Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әміржан Қосанов Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Президент сайлауында экзитпол нәтижесі бойынша екінші орын алған Әміржан Қосанов Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қосанов Тоқаевты жеңісімен құттықтады
Фото:NUR.KZ: UGC
“Тоқаев қоғаммен тілдесіп, әр алуан пікірге түсіністікпен қарауға дайын екенін аңғартты.

Билік транзиті халықтың қатысуымен, оның пікіріне құлақ асуымен жүзеге асарына көзім жетті. Мен атап көрсеткен міндеттер болашақ Қазақстанның қабырғасын қалауда ескеріледі деп есептеймін.

“Халық пен биліктің арасында диалог орнатайық” дегені сөз жүзінде қалмайды деп сенемін. Бұған оппозиция өкілдері ретінде біз де жұмыламыз. Оны бүгінгі жеңісімен құттықтаймын”,  – деді Қосанов.

Сондай-ақ, үміткер оған қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.

“Маған қолдау танытқан барша бұқараның алдында басымды ием. Менің бағдарламам ел ішінде қаншалықты қолдау тапқанына куәмін.

Әлбетте, бір жұдырыққа жұмылған оппозицияның атынан додаға түссем, сайлаудағы көрсеткіш те көбірек болар еді.

Менің нәтижеме бойкот әсет етті. Тасада тығылып жүрген менің бір кездегі демократиялық лагерьдегі әріптестерім жариялаған бойкот бұл. Соның салдарынан көрсеткішке келгенде кемістік болды”, - деді ол.

Еске сала кетейік, кеше 9 маусым күні Қазақстан президент сайлауы өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, Тоқаев үшін сайлаушылардың 70 пайызы дауыс берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798746-kosanov-tokaevty-zeisimen-kttyktady/

pixel