Мирзиёев, Жээнбеков, Рахмон Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екі ел халықтарының тату көршілік және достық негіздегі қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін нақты айтты.

Сонымен қатар, президенттер алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты әрі қарқынды ілгерілету жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатын жалғастыратынын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы қазақ-өзбек қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенімділік білдірді. 

Сондай-ақ, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798788-mirzieev-zeenbekov-rahmon-tokaevty-sajlaudagy-zeisimen-kttyktady/