Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өз таңдауын жасады

Опубликовано:

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев таңертеңгілік қаладағы №278 мектептегі №354 сайлау учаскесінде дауыс берді. Қызылорда қаласында халықтың ашық әрі демократиялық таңдау жасауына барлық жағдай жасалған.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өз таңдауын жасады

Жалпы қызылорда қаласы бойынша 113 сайлау учаскелері үздіксіз жұмыс жасап, бұл саяси науқанға 197 785 сайлаушы қатысты.

Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Қаладағы барлық қоғамдық көліктер таңғы сағат 5.00-ден бастап өз жұмыстарын бастап, қала аумағында орналасқан барлық саяжайларда тұратын сайлаушыларды тегін тасымалдады.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру үшін барлық сайлау учаскелерінде радиоконцерттер мен түрлі акциялар ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798876-kyzylorda-kalasyny-kimi-nrlybek-nlibaev-z-tadauyn-zasady/

pixel