Тоқаев сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен заңсыз митингтерге қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Ақордада өткен баспасөз конференциясында журналистер Қасым-Жомарт Тоқаевтан сайлау уақытында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен митингке қатысушылардың әрекеттерін бағалауды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Иә, шын мәнінде бірқатар азаматтар өз көзқарастарын білдіру үшін көшелерге шықты. Қазақстанда өз еркін білдіру мүмкіндігі толық көлемде бар.
Кейбір азаматтардың өздерін лайықсыз ұстап, полицияны арандатқаны үшін полицейлер шара қолдануға мәжбүр болды.
Үш полицей ауруханаға түсіп, демонстранттар тарапынан жарақат алды. Менің тарапымнан органдарға барынша ұстамдылы сақтау туралы өтініш болды және болашақта да олар өздерін дәл осылай ұстайтын болады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Тоқаев наразылық білдірушілерге диалог жүргізуді ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798889-tokaev-sajlau-kni-nr-sltan-men-almatyda-tken-zasyz-mitingter-zajly-ajtty/