Тоқаев: "Жеңіс" сөзін қабылдамаймын
Опубликовано:
Ақордадағы шетелдік және қазақстандық журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше минут бұрын Ресей президенті Владимир Путиннің оған телефон шалып, сайлаудың аяқталуымен құттықтағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев өзін сайлаудағы жеңісімен құттықтаған Орталық Азия аймағы бойынша өз әріптестеріне - бірқатар мемлекет басшыларына ризашылығын білдірді.
""Жеңіс" сөзін қабылдамаймын, өйткені жеңіс көбінесе әскери қақтығыстарға қатысты.
Бұл жерде сайлаушылар тарапынан маған деген қарым-қатынас болды. Осыдан бірнеше минут бұрын баспасөз конференциясының алдында маған Владимир Владимирович Путин телефон шалып, сайлаудың аяқталуымен құттықтады" ,- деп хабарлады Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798899-tokaev-zeis-szin-kabyldamajmyn/