Тоқаев экзитпол нәтижелерін естігенде қандай көңіл-күйде болғанын айтты

Опубликовано:

Токаев
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Ақорада өткен арнайы брифингте журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан экзитпол нәтижелерін жарияланғанда қандай көңіл-күйде болғанын сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент аталмыш сауалға: "Қызық бірақ, ештеңе сезбедім, барынша салқынқанды болдым" деп жауап берді.

"Мүмкін менің жоспарым өте тығыз болғандықтан шығар, себебі бұл қызметте күлуге де уақыт тапшы. Сонымен бірге Еуразия картасында маңызды ел болып саналатын мемлекеттің басшысы жауапкершілігін түсінгендіктен болар", - деді Тоқаев.

Ол өзінің басты міндеті – қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798910-tokaev-ekzitpol-ntizelerin-estigende-kandaj-kil-kjde-bolganyn-ajtty/