Қасым-Жомарт Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Владимир Путинге құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі ұстанымы жалғаса беретінін айтты.
Қазақстан президенті Ресей басшысын алдағы Ресей күні мемлекеттік мерекесімен құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798925-kasym-zomart-tokaev-pen-putin-telefon-arkyly-sjlesti/