Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Досымыз деп санаймыз": Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен сұхбаттасты

Опубликовано:

Президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сұхбаттасты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған КAZ.NUR.KZ.

БҚҚҚқ
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ/архив: Original

Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

"Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз", – деді Гутерриш.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799164-dosymyz-dep-sanajmyz-tokaev-b-bas-hatsysymen-shbattasty/

pixel