Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президентті ұлықтау рәсімі бүгін өтеді

Опубликовано:

Тоғызыншы маусым күні өткен президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Дауыс беру нәтижесі бойынша ол 70,76% жинап, өз қарсыластарын басып озған. Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:30-да халық таңдаған жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі өтетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

KAZ.NUR.KZ салтанатты шарадан тікелей трансляция жасайды.

1995 жылдың 26 желтоқсанындағы "Қазақстан президенті" жөніндегі Конституциялық заңға сәйкес, мемлекет басшысы өз қызметіне халыққа ант берген сәтінен бастап кіріседі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн" , - деп айтуы тиіс президент.

Республика Президентi ант мәтінін салтанатты шарада мемлекеттiк тiлде айтады. Артынан мемлекеттік әнұран шырқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799175-prezidentti-lyktau-rsimi-bgin-tedi/

pixel