Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Жеңістің 75 жылдығын тойлауға Тоқаевты шақырады

Опубликовано:

Владимир Путин ШЫҰ саммиті кезінде мемлекет басшыларына 2020 жылы Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығы мерейтойына ауызша шақыртулар береді. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Владимир Ушаков хабарлады деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: tass.ru
Фото: tass.ru: UGC
"Мемлекет басшыларының 2020 жылы Мәскеудегі салтанатты шараға қатысуға ауызша шақыртулар жіберілетін болады", - деді Ушаков.

13-14 маусым күні Бішкекте Шанхай ынтықтастық ұйымының саммиті өтпек. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысуды жоспарлап отыр.

  • ШЫҰ құрамына сегіз мемлекет - Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Төрт мемлекет - Моңғолстан, Иран, Ауғанстан, Беларусь бақылаушы болып табылады. Алты мемлекет - Шри-Ланка, Түркия, Әзірбайжан, Армения, Камбоджа және Непал диалог бойынша серіктес болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799225-putin-zeisti-75-zyldygyn-tojlauga-tokaevty-sakyrady/

pixel