Президент әкімдердің өкілеттігін тоқтату туралы қаулы шығарды
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне қатысты жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының 5 тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін:
1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799238-prezident-zarlygymen-barlyk-kimder-kyzmetinen-ketti/