Тоқаев меморгандардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

"Қазақстан Республикасының президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799250-tokaev-memorgandardy-bassylary-turaly-zarlykka-kol-kojdy/