Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалды
Опубликовано:
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін шенеунік 2016 жылдың 26 наурызынан бері Батыс Қазақстан облысын басқарды.
Еске сала кетейік, 12 маусымда президенттің жарлығымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдерінің өкілеттілігі тоқтатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799392-altaj-klginov-nr-sltan-kimi-boldy/