Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды
Опубликовано:
Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Серікбай Трұмов тағайындалды. Мемлекет басшысы бүгін бұл тағайындауға қатысты қаулыға қол қойған деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын" , - деп жазылған мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланған қаулыда.
Бұған дейін Серікбай Трұмов Жаңаөзен әкімі қызметінде (2012 жылдан бастап, 2015 жылдың шілдесіне дейін) болған.
Оған қоса, ол 2015жылдан бастап, 2017 жылға дейін Ақтау қаласының басшысы болып жұмыс істеді. 2017 жылдың қазан айында Маңғыстау облысының мәслихат депутаты болып сайланды.
Трұмовқа дейін өңір басшысы қызметін Ералы Тоғжанов атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799518-serikbaj-trmov-magystau-oblysyny-kimi-bolyp-tagajyndaldy/