Анар Жайылғанова мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болды
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген президенттің жарлығында.
Еске сала кетсек, президент мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталу туралы жарлыққа қол қойды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро Қазақстан президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799625-anar-zajylganova-memlekettik-kyzmet-isteri-agenttigini-trajymy-boldy/