Талғат Қалиев: Бүгін ШҚО-ға жаңа әкім тағайындалады

Опубликовано:

Саясаттанушы Талғат Қалиевтің мәліметінше, бүгін Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалады. Бұл ақпаратты ол Telegram-арнасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Талғат Қалиев: Бүгін ШҚО жаңа әкім тағайындалады
Көрнекі фото: yk-news.kz: Facebook
"ШҚО мәслихатының отырысы туралы ақпарат расталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15:00-ге белгіленген. Күн тәртібінде облысқа жаңа әкім тағайындауға келісім беру.
Отырысқа аймақты басқаруға қауқары жететін беделді тұлғалардың бармағанын ескере отырып, лауазым қазір бірінші орынбасар міндетін атқарушы 49 жастағы Ерлан Аймұқашевке бұйырады деп болжам жасауға болады", - деп жазды ол.

Саясаттанушы ШҚО әкімі міндетін атқарушы Даниял Ахметов өткен аптада 65 жасқа толғанын еске салды.

Осыдай бұрын Қалиев Telegram-арнасында 17 маусым күні ШҚО мәслихатының отырысы өтетіні жайлы құжатты жариялаған еді. Күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысының әкімін тағайындауға келісім беру тұрған.

"Шынайы деп кесіп айту қиын. Бірақ мұны жоққа шығарып, жалған құжат деп айтуға да негіз жоқ. Олай болса, ШҚО-ның құжат алмасуда және тәртібінде біраз қиындықтар бар көрінеді. Оны түзеу облыс әкімінің бірінші тапсырмасы болмақ. Бірақ бәрі әлдеқайда оңай шешілуі де ықтимал. Қазіргі әкім қызметіне қайта тағайындалуы да мүмкін", - деп болжады Қалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799975-talgat-kaliev-bgin-sko-ny-zaa-kim-tagajyndalady/