Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?

Опубликовано:

Қазіргі уақытта Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары қызметінде жүрген Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрлігін басқаруы мүмкін. Ендеше, министр атануы ықтимал Райымқұлова туралы бірқатар мәліметтерді KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Фото: today.kz/Фото: ©Арман Мухатов
Фото: today.kz/Фото: ©Арман Мухатов: Twitter

Ақтоты Рахметтоллақызы 1964 жылы дүниеге келген. Алғашында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында "композиция" және "фортепиано" мамандығы бойынша білім алған ол кейіннен "композиция" мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдаған.

Оның еңбек жолы да дәл осы Құрманғазы атындағы консерваториямен байланысты.

  • Ақтоты Райымқұлова мансабын Қазақ қыздар мемлекеттік педогогикалық институтында оқытушы болып бастаған.

Араға бір жыл салып, ол Құманғазы атындағы консерваторияда асистентура стажері атанады.

Кейін Құрманғазы атындағы консерваторияда "дирижерлау" кафедрасының меңгерушісі, ректор көмекшісі, доцент, профессор м.а., әлеуметтік-экономикалық ұйым жөніндегі проректор болып жұмыс істеді. .

Қосымша "Композиция және оркестрлік дирижерлау"кафедрасын басқарды.

  • Ол 2007 жылы Халықаралық Бизнес Академиясында "Менеджмент" мамандығы бойынша магистр дипломын алды.
  • 2007 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияда "Композитор және арт-менеджмент" кафедрасының меңгерушісі болды.

2010 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы бизнесінің халықаралық академиясында "Әлеуметтік-мәдени саладағы жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру" докторлық диссертациясын қорғады.

  • 2013 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның ғылыми-шығармашылық мәселелер жөніндегі проректоры қызметін атқарды.
  • 2014 жылы ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері комитеті басшысының орынбасары болды.
Осы жылы ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментін басқарды.

2016 жылдың қазан айында Ақтоты Рахметоллақызы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ақтоты Райымқұлова көптеген халықаралық және республикалық шығармашылық конкурстардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, сондай-ақ, қазіргі заманғы музыканың халықаралық қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Композитордың авторлық шығармалары үкіметтік концерттерде де, шетелде де орындалады.

Ол осы уақытқа дейін 25 ғылыми еңбек жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799993-aktoty-rajymklova-turaly-ne-bilemiz/

pixel