Бақыт Сұлтановты сауда және интеграция министрі қызметіне мақұлдады

Опубликовано:

Бүгін экономикалық реформа мен өңірлік даму жөніндегі мәжіліс комитетінің отырысында Бақыт Сұлтановты сауда және интеграция министрі қызметіне мақұлдады.

Бақыт Сұлтанов. Фото flickr.com
Бақыт Сұлтанов. Фото flickr.com: Facebook

Мәжіліс депутаттары бұл мәселені "Қазақстан Республикасының Парламенті мен депутаттар мәртебесі" Конституциялық заңнамасының 22-1 бабына сәйкес қарастырды.

Премьер-министрдің бұйрығымен сауда және интеграция министрі қызметіне үміткерді премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Ол Бақыт Сұлтановтың аса тәжірибелі маман екенін атап өтіп, оның бойында қажетті басқарушылық қасиеттері бар екенін жеткізді.

Талқылау мен сұрақ-жауап үрдісінен кейін комитет қорытынды шығарды. Оған сәйкес, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлының кандидатурасын сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындауға ұсыну мүмкіндігі берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800023-bakyt-sltanovty-sauda-zne-integracia-ministri-kyzmetine-makldady/