Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
Опубликовано:
Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл шешім Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17 маусымдағы қаулысына сәйкес қабылданды.
"Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын",- делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, осыған дейін аталмыш министрлікті басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз қызметінен босатылды.
Естеріңізде болса, бүгін мәжілісте өткен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің отырысында Мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы ұсынылған болатын.
Комитеті мүшелері ұсынысты қолдап, Райымқұловаға бірнеше сауалдар қойып, өз тілектерін білдірді.
Сонымен бірге, KAZ.NUR.KZ Ақтоты Райымқұлова туралы бірнеше маңызды деректі ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800036-aktoty-rajymklova-mdeniet-zne-sport-ministri-bolyp-tagajyndaldy/