Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойылды
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы, Шымкент қалалары және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек – Алматы қаласының әкімі;
Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;
Ермек Боранбайұлы Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі;
Оңдасын Сейілұлы Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі;
Ерлан Жақанұлы Қошанов – Қарағанды облысының әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;
Болат Жұмабекұлы Бақауов – Павлодар облысының әкімі;
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – Түркістан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінгшен ресми құжатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800083-almaty-symkent-zne-oblystardy-kimderi-turaly-zarlykka-kol-kojyldy/