Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі болып қайта тағайындалды
Опубликовано:
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінде қалды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын",- делінген президент сайтында.
Әбдірахымов Шымкент қаласын 2015-2017 жылдары басқарған. Екінші рет ол қала басшысы қызметіне 2018 жылдың 20 маусымында тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800087-gabidolla-bdirahymov-symkent-kimi-bolyp-kajta-tagajyndaldy/