Президент Маминге жаңарған әлеуметтік саясат бойынша шұғыл шара қолдануды тапсырды
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысына үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысы сөз етілді.
Президент Асқар Маминге шұғыл түрде үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар дайындауды тапсырды.
«Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800101-prezident-askar-maminge-zaargan-leumettik-saasat-bojynsa-sgyl-sara-koldanudy-tapsyrdy/