Бірнеше қызметкер ұсталды: Аймағамбетов жемқорлықпен қалай күреспекші?
Опубликовано:
Білім және ғылым министрлігінде жемқорлыққа қатысты жанжалдар орын алған сәтте басшылыққа келген Асхат Айтмағамбетов алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Жаңа министр баспасөз мәслихаты барысында жемқорлықпен қалай күресетінін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айтмағамбетов жаңа министр ретінде жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін аса маңызды деп есептейтінін айтты. Соған орай, алдағы уақытта ол жалпы білім және ғылым министрлігінің жұмысы толықтай тексеруден өткізбек.
"Біздің жұмысымызға байланысты арнайы жобалық кеңсе ашатын боламыз. Алдын алу шараларын қолдану мақсатында барлық құқықтық актілерді, мүмкіндіктерді, айлаларды, регламенттелмеген мәселелерді анализден өткіземіз.
Бастысы ұсталған сәт емес. Нормативтік құқықтық олқылықтардың регламентсіздігі мен уақытылы тексерілмеуі жемқорлық қуқықбұзушылықтардың себебі болмақ" , - деді министр.
Оған қоса, білім және ғылым министрлігінде арнайы мамандандырылған мониторинг группаларын құруды жоспарлап отыр. Оның ішіне қоғам, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері кірмек. Аталмыш топ жемқорлыққа қарсы күреспен көмектеспек.
Айта кетейік бұған дейін Айтмағамбетовтың білім және ғылым министрі болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.
Жақында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева өз қызметтік лауазымын асыра сілтеп қолданғаны және пара алды деген күдікке ілініп тұтқындалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800200-ajmagambetov-zemkorlykpen-kalaj-kresetinin-ajtty/