Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойындау керек": Тоқаев #МенОяндым қозғалысына қатысты пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар ұйымдастырған әлеуметтік желідегі #менояндым қозғалысына қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысының «Euronews» агенттігіне берген сұхбатының үзіндісі президент Телерадиокешенінің ресми Instagram парақшасында жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/TokayevKZ
Фото: twitter.com/TokayevKZ: UGC

Президенттің сөзінше, қозғалысты еліміздің креативті жастары ұйымдастырған.

"Мен #оянқазақстан немесе #менояндым хэштегімен шыққан жастарды жоққа шығармаймын. Бұл қозғалысты негізінде креативті жастар ұйымдастырды.

Олардың алға тартып отырған идеялары көбіне креативті әрі заманауи. Оны мойындау керек.

Менің саясатымның мүддесі - жастарды саясатқа, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге тарту" , - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жастардың мәселесін дөңгелек үстел үстінде талқылауға болады деген үмітін білдірді.

"Жаңа ғана мен қоғамдық сенім ұлттық комитетін айтып өттім. Әрине, бұл қозғалыстардың өкілдері кездесуге тартылады.

Алайда, бұл мәселелерді талқылау үшін көшедегі ереуіл жағдайында емес, кәдімгідей дөңгелек үстел үстінде кездеспекпіз.

Біздің қоғамымызда мүмкін шынымен де бар маңызды әрі өткір проблемаларды шешуге тек қана диалог көмектесе алады " , - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800560-mojyndau-kerek-tokaev-menoandym-kozgalysyna-katysty-pikir-bildirdi-video/

pixel