Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Тоқаевтың оқушы кезіндегі суреті пайда болды (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқушы кезіндегі суреті пайда болды. Фотоны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Берік Уәлидің мәліметінше, мемлекет басшысы бүгін басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуді тиісті мекемелерге заңға сәйкес өткізуді тапсырып, білімнің бірнеше сынағынан өткен жас түлектерге сәттілік тілеген.

Айта кетейік, президент Алматы қаласындағы 25-ші мектепте білім алған.

Сыныптастары Тоқаевтың жастайынан зерек болғанын, уақытын білімге арнағанын айтады.

Олардың сөзінше, мемлекет басшысы мектепте соңғы партада отырған. Алайда, оның себебі ұстаздардан жасырыну емес, бойының ұзындығы болған екен.

Себебі, ел басшысының бойынан көптеген сыныптастары тақтадағы жазуды көре алмаған.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов тестілеу ережесін бұзған талапкерге қандай шара қолданылатынын айтты.

Сондай-ақ, ведомство қорытындыны қайдан көруге болатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800689-zelide-tokaevty-okusy-kezindegi-sureti-pajda-boldy-foto/

pixel