Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды (фото)
Опубликовано:
Осыған дейін ақтөбеліктерге бірге жұмыс жасауға уәде беріп келген Ілияс Испанов бір күнде қызметінен босатылды. Шаһардың жаңа әкімі болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Мавр Абдуллин тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ілияс Сапарбекұлы үш жыл қала әкімі қызметін атқарды. Қаланың көркеюі, әлеуметтік саладағы проблемаларды шешуде көп жұмыс жасады. Өз білімі мен тәжірибесін жақсы көрсетті. Ол кісіге алғыс айтамыз. Орталықтан Ілияс Сапарбекұлына ұсыныс түсті. Қала әкімі қызметін менің бірінші орынбасарым Мавр Абдуллинге сеніп тапсырамын", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ілияс Испанов өз кезегінде Ақтөбеден көп тәжірибе жинағанын айтып, қала активіне алғыс айтты.
"Үш жыл уақыт тез өтіп кетті. Оңай болған жоқ. Көп нәрсені үйрендім. Кейбір нәрселер бітпей қалды. Енді Ақтөбеге ақтөбелікпін деп келіп тұрамын", - дейді Ілияс Испанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1801302-aktbe-kalasyna-zaa-kim-tagajyndaldy-foto/